Шымкентте үш ауысымды мектеп мәселесі толық шешілген

0

Қазіргі таңда, еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім сапасын көтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға ерекше мән беруде. Білім беру жүйесіндегі орын тапшылығын жою мақсатында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2025 жылға дейін елімізде 1000 мектеп салуды және үш ауысымды оқыту мәселесін толығымен жабуды тапсырған болатын. Нәтижесінде, ағымдағы жылы үш ауысымды мектеп толығымен жойылды: 88 мектепте оқыту 1 ауысымда (33,8%), 173 мектепте — 2 ауысымда (66,2%) жүргізіледі. Пайдалануға берілген мектептер, бұрын қолданыста болған мектептер секілді, оқытудың жаңа стандарттарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта Шымкент мектептері 1 796 интерактивті панельмен, 258 биология кабинетімен, 268 физика кабинетімен, 272 химия кабинетімен және 247 лингафонмен және жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 107 робототехника кабинетімен, 86 STEM зертханасымен жабдықталған.

2023 жылы мектептерді жаңа кабинеттермен жабдықтау бойынша 105 кабинет (9-химия, 21-физика, 16-биология, 43-STEM, 16-робототехника) және 299 дана интерактивті панельдер орнатылды. Сонымен қатар, АӘД кабинеттері мен логопедтерді жабдықтауға 322,7 млн теңге бөлінді. 48 кабинет (42-АӘД, 6-логопед) және 299 дана интерактивті панельдер орнатылды. Нәтижесінде пәндік кабинеттердің үлесі 72% — дан 85% — ға дейін өсті. Сонымен қатар, 2023 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11(12) сынып оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсына 59 оқушы қатысты. 56 жобаның ішінен 28 оқушы жүлделі орындарға ие болса, 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстар байқауына Шымкенттен 24 оқушы қатысып, 12 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, О.Жолдасбеков атындағы 11 (12) сынып оқушыларына арналған Математика және механика бойынша халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары байқауына 6 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Өңіріміздеда оқу бағдарламары жетілдіріп,жаңа типтегі оқу орындары ашылып жатқан белгілі. Сондай-ақ, білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістері, оқытудың жаңа технологиялары кең көлемде практикалық қолданысқа енгізілуде. Білім беру қызметі – бекітілген ережелерге сәйкес категориялар мен критерийлер арқылы профессионалды деңгейге жетуді көздеп отыр.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *