Шымкенттің өңдеу өнеркәсібінде оң динамика бар

0

Үшінші мегаполисте  2023 жылғы қаңтар-маусым айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 трлн теңгені, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты көлем индексі 106,3 %-ды құраған. Жалпы өңірлік өнімнің өнеркәсіптегі көлемі – 327,1 млрд теңге. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 43,1 млрд теңгеге өсіп, жалпы 290,3 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіптік өнім көлемі инвестициялық жобаларды іске асыру, отандық және шетелдік инвесторларды тарту, өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сатып алынатын өнімдегі қазақстандық қамтуды арттыру бойынша жүйелі жұмыстардың нәтижесінде артып отыр. Атап айтқанда, қалада 5 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Оған қоса, аталған өндіріс алаңдарының толымдылығына байланысты қосымша 5 индустриялық аймақ құру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл өз кезегінде осы аймақтарда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, жаңа өнеркәсіптік өндірістер ашуға және жалпы өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) өнеркәсіп көлемінің ұлғаюына септігін тигізді. Атап айтқанда, биылғы 11 айдың қорытындысында алюминий банкілер өндіретін «QazAlPack» ЖШС алдыңғы жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 3,4 есе, «Shymkent Temir» ЖШС металлургиялық зауыты 4,8 есе, «ЦветЛит» ЖШС түсті металл өндірісі 20%, «Asia Trafo» ЖШС трансформатор өндірісі 20%-ға артық өнім шығарды.

Өңдеу өнеркәсібінде биыл 14 жобаны іске асыру жоспарланған. Есепті кезеңде жалпы сомасы 11 млрд теңгенің жобасы іске қосылып, 373 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда, «Shymkent Temir» ЖШС 250-ге жуық адамды жұмыспен қамтыса, «NURTAU distribution company» кәсіпорнында 40 жаңа жұмыс орны ашылған.

Айта кетсек, биыл 10 айда қалаға тартылған инвестиция 22, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 15, бөлшек сауда көлемі 19, көлік қызметі 21, өнеркәсіп өнім көлемі 1,7 пайызға артты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *