Мәжіліс депутаты мектеп ұжымымен кездесті

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Шымкент қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, кездесулер өткізуде. Мәжіліс депутаты Асар шағынауданындағы №90 мектеп ұжымымын жүздесіп, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.

Жиында Қазыбек Жарылқасынұлы Парламент қабырғасында қабылданған Заңдар, депутаттық сауалдар, «Ақ жол» партиясының бастамасымен жүзеге асқан жобалар, халық игілігі мен ұлт мүддесі жолында атқарылған жұмыстардың барысын баяндады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының саяси реформаларын іске асыру бағытында Үкімет отырыстарында көтерген мәселелері мен шешу жолдарын әңгімелеп, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.

-Өңірлерге сапарымды Ұлт ұясы Ұлытаудан бастадық. Түркістан облысын аралап, бүгін міне Шымкентте халықпен кездесіп жатырмыз. Асар шағынауданындағы мектептің жұмысы көңілден шығып отыр. Елімізде алғаш болып кадет сыныбы ашылыпты. Өте құптарлық бастама. Осы мектепке өзім ұсыныспен шығып, арнайы келіп отырмын. Көтерілген мәселенің бәрі ұлттық идеологияға қатысты. Кездесулерде мәдениет саласы өкілдерінің жалақысы, зейнетақы, жер мәселелері көтеріліп жатыр. Жалпы Шымкентте көптеген оң өзгерістер бар, — деді Мәжіліс депутаты.

Мәжіліс депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы одан әрі Көкбұлақ елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысымен танысып, жұмыстың сапасын бақылады.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *