Зиялы кауым өкілдерімен кездесті

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің  депутаты Қазыбек Жарылқасынұлы  Шымкент  қаласындағы «Достық Үйі» ғимаратының   конференц-залында   Шымкент және Түркістан облысындағы   ұлт зиялылармен,   әдебиет-мәдениет, өнер қайраткерлерімен «Ұлттық идеология» тақырыбында кездесу өткізді.

Басқосуда Қазыбек Иса Парламент Мәжілісі мінберінде көтеріп жүрген мәселелерге, депутаттық сауалдаға, жүзеге асқан жобаларға және атқарылып жатқан жұмыстарға тоқтап өтті.

Жиналған көпшілік бірқатар  мәселелерді  айтып, ұсыныстарын жетізді. Жазушы, Қазақстан педагогика  академиясының  профессоры  Момбек Әбдәкімұлы  мәжіліс депутатына, «Жазушылар аллеясы» жоқ екендігін,  кәсіби мерекелері аталып  өтпеуіне  назар  аударуды сұрады.  Ал , ҚР еңбегі сіңірген әртісі  Өтемісұлы  Сапарбай  театрларды дамыту керектігін сөзге тиек етіп, әртістердің жалақыларын көтеру  қажетілігін айтты.

Сондай-ақ, жиналғандар «Мәдениет  институты» жабылғандығы туралы сөз  қозғап, оны  қалпына келтіру  қажеттігін жеткізді. Жазушы Захардин Қыстаубай ұлттық  идеология  тақырыбы  бойынша сараптама жұмысын бастағанын айтты. Алдағы уақытта бұл зерттеу көпшілікке ұсынылмақ. Ал, тіл жанашыры  Қабыл Дүйсенбі сот процесінде   судьяларды мемлекеттік  тілді  білуін міндеттеу  қажеттігі туралы  мәселесін көтерді.

Қазыбек Жарылқасынұлы басқосуда  айтылған ұсыныстарды  тыңдап, Парламентегі  мәжіліс отырыстарда  талқылайтындығын  жеткізді. 

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *