Мемлекеттік бағдарламалар аясында 3320 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді

0

Қалада шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд, оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының 2024 жылдың 5 айда атқарылған жұмыстары туралы есебінде айтылды. Брифинг барысында басқарма басшысының орынбасары бекітілген индикаторлар бойынша жүзеге асырылған жұмыстарды баяндап, 2024-2028 жылдарда іске асырылатын жобаларды атап өтті.

Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына 2024 жылға жалпы  7 нысаналы индикатор бекітілген.

Шымкент қаласының өнеркәсіп саласында белсенді жұмыс істеп тұрған 902 өнеркәсіптік кәсіпорын шоғырланған. 20 – ірі, 45 – орта және 837 – шағын өндірістердің өнімі 2024 жылғы қаңтар – мамыр айларында 424,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп, алдыңғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда өнім көлемі 3,8 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімнің төмендеу себебін басқарма басшысының орынбасары Ермек Тұрманов Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмысына жабылуымен түсіндірді.

Өнеркәсіп саласында үлесі 85,4 % құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 628,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік өндіріс индексі – 94,5 % құрап отыр.

Соңғы бес айдың қорытындысымен Шымкент қаласына 203,7 млрд теңге инвестиция тартылып, 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 117,4 пайызды құрады. Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен түскен инвестициялар көлемі 29,5 млрд теңге, ал жекеменшік инвестициялар 174,2 млрд теңге.

Жалпы 2024 жылы 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда  28,2 %-ға артық.

Орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекетіміздің тұрақты стратегиясы болып табылады. Президент тапсырмасы аясында атқарылған кешенді шаралардың нәтижесінде қала аумағында бүгінде 130,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылға 21,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 18,3 млрд теңге, жергілікті бюджеттен – 3,4 млрд теңге. Қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында 3320 шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына қолдау көрсетілді.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *