Түркістан облысы Татарстанмен ынтымақтастықты дамытуды көздейді

0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация жұмыс сапарымен арнайы Татарстан Республикасына келді. Негізгі мақсат – екіжақты байланыстарды нығайту, серіктестік қатынастарды кеңейту, ынтымақтастықты дамыту.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен маңызды келіссөздер жүргізді. Кездесуде бауырлас елдер арасында сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқыланды. Ортақ жобаларды жүзеге асыру туралы айтылды.

Облыс әкімі Қазан қаласында Татарстан Республикасы Раисының қатысуымен өткен «БРИКС+» елдері қалаларының халықаралық форумында өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Бауырластық қатынас орнату туралы өзара серіктестік меморандумына қол қойылды. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас халықтары әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген саласында табысты ынтымақтасады.

Сапар аясында өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Қазақстандық делегацияға құрмет көрсетіп, меймандостық танытты. Облыс әкімі екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беретінін айтып, көрсетілген қонақжайлық үшін алғысын білдірді.

 

Сондай-ақ бүгін өңір басшысы Татарстан Республикасындағы техникалық-енгізу үлгісіндегі ерекше экономикалық аймақ пен өнеркәсіп орталықтарына, «Химград» технополисі-заманауи индустриалды химиялық паркіне, ақпараттық технологиялар және робототехника саласындағы білім беру, зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған Иннополис университетіне бару жоспарланған.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *