Тарихи оқиға деп бағалаймын – Тоқаев Корея президентімен кездесу туралы

0

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльмен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанға жасаған алғашқы мемлекеттік сапарыңыз. Бұны тарихи оқиға деп бағалаймыз. Біз Оңтүстік Кореяның экономикалық жетістіктеріне және корей халқының мәдениеті және дәстүріне ерекше қызығушылықпен қараймыз. Қазіргі таңда елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас тың серпінмен, әрі қарқынды дамып келеді деп нық сеніммен айтуға болады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, бүгін қол қойылатын құжаттар екі елдің ықпалдастығын нығайтады.

Біз өзара қарым-қатынаста ұлттық мүдделерімізді құрметтейміз. Соның арқасында ынтымақтастықтың тиімді үлгісін қалыптастырдық . Бүгін қол қойылатын бірқатар құжат пен бірлескен мәлімдеме соның айқын дәлелі. Бүгінгі келіссөздер қазақ-корей ықпалдастығының аясын кеңейтіп екіжақты байланысты жаңа белеске көтереді деп сенемін, — деді Президент.

Айта кетейік, бүгін алғаш рет елімізге Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты Ақордада күтіп алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *