Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортынан республикалық турнир басталды

0

Бүгін Қажымұқан атындағы орталық стадионда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер мен әйелдер құрама командаларының арасында Қазақстан Республикасы Кубогының VII турнирі басталды. 4 күнге жоспарланған сайыста еліміздің өңірінен келген 13 ерлер және 12 әйелдер құрама командалары жүлделі орындарды сарапқа салады.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кәрімов, ТЖ департаментінің бастығы, генерал-майор Қуанар Базарбаев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың бірінші күні жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша бәсекелер өтті. Бұл  дисциплина күш пен жете назар аударуды талап етеді. Өйткені, бұл кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет. Жүгіру динамикалық түрде  2 метрлік қоршауды еңсеру, бөрене арқылы жүгіру секілді бірнеше элементтерді қамтиды.

Турнирдің екінші  күнінде командалар оқу мұнарасының  2, 3, 4 — қабаттарына шабуыл сатысымен көтерілу бойынша жарысады. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен жауынгерлік қанат жаю бойынша жарыстар өтеді.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *