Шымкенттегі «үздік тәжірибелік орталықтар» әдісі республикаға таратылуда

0

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына қарасты  емханалар жанына ашылған «Үздік тәжірибелік орталықтардың» жұмысы аймақтардағы медициналық ұйымдарға тәжірибе ретінде таратылуда.

Бүгін Маңғыстау, Ұлытау облыстарынан келген арнайы делегация қалалық №1, №6  емханалардың үздік тәжірибесімен танысты. Денсаулық сақтау ұйымдарының басшылығы өкілдері мен әлеуметтік қызметкерлер, психологтардан құралған 30-ға жуық маман жергілікті дәрігерлерден тәжірибе алды. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б.Ізбасар облыста 3 үздік тәжірибелік орталық ашу жоспарланғанын жеткізді.

— Бүгінде Шымкентте іске қосылған орталықтар  өз нәтижесін көрсетуде. Сондықтан тәжірибе алмасу арқылы медициналық қызмет көрсетудің жаңа моделін енгізуді мақсат етіп отырмыз. №6 емханада бұл жұмыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына көз жеткіздік. Халыққа көрсетілетін медициналық қызмет инновациялық-технологиялармен ерекшеленеді. Қазір халықтың талабына орай қызметтің де сапалы болуы маңызды — дейді Бекболат Оразбайұлы.

Делегация емханада өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы, халық кеңесі, тренинг орталықтары, патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті модель бөлмесі, денсаулық мектептерінің жұмыстарымен танысып шықты.

Үздік тәжірибелік орталықтың ерекшелігі – әлеуметтік, медициналық қызметтер біріктірілген. Бір топта мейіргер, әлеуметтік қызметкер, психолог мамандардан құралған мультидициплинарлық команда жұмыс істейді. Басқармаға қарасты №1, №3, №6,№7 емханалар жанынан Үздік тәжірибелік орталықтар ашылған. Соның ішінде жаңа модель алғаш болып №6 емханаға енгізілген. Үздік практика негізінде 141 маман біліктілігін арттырған. Бүгінде емханада дәрігерлер «Емхана науқастардың көзімен»,  «Емханадағы алғашқы 5 минут», «Мейігерлердің жеке қабылдауы» секілді 11 жаңа жоба аясында жұмыстар жүргізуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *