Дархан Сатыбалды Қытай инвесторларымен бірлескен жобаларды талқылады

0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытай делегациясымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасына, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жоба аясында  бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарлар талқыланды. Бұл жоба Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді.

Қытайдың іскер топ өкілдері бірлескен перспективалық жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытып, қазақстандық серіктестермен табысты ынтымақтастыққа үміт білдірді. Басқосуда өңір басшысы Қытай елінің өкілдерін өңдеу өнеркәсібі, тері өңдеу, электротехника, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды салаларда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сонымен қатар білім саласы бойынша жаңа жобалаларға қатысты ұсыныстар айтылды. Көршілес елден келген инвесторлар аталған салалар аясында ынтымақтастық орнатуға дайындығын білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі шешуші рөліне назар аударып, оны экономикалық және технологиялық дамудың локомотиві ретінде атап өтті. Осы бағытта жұмыстарға күш салып, облыс аумағында қытайлық компаниялардың қатысуын арттыруды жоспарлап отырмыз. Біз облыстымызда жұмыс істеуге келген әр инвесторға жағдай жасаймыз. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамаларына толық қолдау көрсетуге дайынбыз және ынтымақтастығымыз ұзақ мерзімге жалғасады деп үміттенеміз, – деді Дархан Сатыбалды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *