Түркістан облысының шалғай ауылдарындағы мектептері Илон Масктың STARLINK интернет желісіне қосыла бастады

0

Түркістан облысының шалғай ауылдарында орныласқан мектептері елімізде алғашқылардың қатарында Илон Масктың Starlink спутниктік интернетіне қосыла бастады. Өңірдегі 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған. Оның ішінде 581 мектепке талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы жылдамдығы 20-80 Мбит/с аралығындағы интернет желісі орнатылған. 33 мектеп жуырда оптикамен қамтылады.

Бұдан бөлек, 330 мектеп шалғай және таулы аумақтарда орналасуына байланысты, техникалық мүмкіндігіне қарай жылдамдығы  512 Кб/с — 20 Мбит/с құрайтын төмен жылдамдықты интернет желісімен қамтылған. Осы білім ұяларының 200-ден астамы Илон Масктың Starlink спутниктік интернетіне қосылды. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Қалған ауылдар сәуір айының соңында жаңға желіге толық қосылып, Түркістан облысында мектептедегі интернет мәселесі толық шешіледі.

Алдымен, аппарат басшысы Қазығұрт ауданы, Еңбек елді мекеніндегі «Еңбек» жалпы орта білім беру мектебінде болды. Мұнда «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ арқылы SpaceX компаниясының Starlink спутниктік интернет желісі елімізде алғашқылардың бірі болып  орнатылған.  Интернет желісінің жұмысымен танысып, мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен тілдесті.

Бұған дейін «Еңбек» жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторының техникалық мүмкіндігіне қарай радиокөпір технологиясымен 20 Мбит/с дейінгі интернет желісімен қамтылған болатын. Енді білім ошағы жылдамдығы 200 Мбит/с жоғары болатын Starlink спутниктік интернетімен қамтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *