Шымкент: «Салық даулары бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел мәжлісі өтті

0

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйымдастыруымен «Салық даулары бойынша сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары және Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, басқармаларының, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері және қалалық прокуратураның аға прокуроры қатысты. Мәжлісті Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Б.Насирдинов ашып, жаңа Қазақстанның сот жүйесіндегі әкімшілік әділет институтының ерекше ролін атап өтіп, салық даулары бойынша сот тәжірибесінде кездесетін мәселелердің маңызды тұстарына және ерекшеліктеріне баса назар аударды. Жиында Шымкент қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Жүсіпова баяндама жасап, ӘРПК-нің талаптарын салық орган тарапынан сақталу мәселелеріне, Салық кодексінің нормаларын салық дауларын қарауда қолданудың талаптарына, камералдық бақылау нәтижесінде түзілетін хабарламалар Салық кодексінің 96-бабында, 114-бабының 2-тармағында көзделген талаптарға сәйкес рәсімделуі тиіс және жолдау мерзімі сақталуын салық органы қамтамасыз ететіне тоқталды. Сонымен қатар, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Исаева, Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Л.Берікқызы баяндамаларын жасады. Жиын барысында семинарға қатысушылар Салық кодексі нормаларының сот тәжірибесінде қолданылуын талқылауға белсенді қатысып, пікір бөлісті. Судьялар қойылған сұрақтарға сот тәжірибесінде кездесетін мысалдар келтіре отырып, жауап берді. Мәжліс соңында, сот төрағасы мемлекеттік кірістер органдарының басшыларына талқыланған мәселелердің нәтижелі болуы үшін дауды татуласу рәсімдерін қолдану арқылы реттеудің мүмкіндіктерін барынша қарастыруды ұсынып, қатысушыларға пікір бөліскендері үшін алғысын жеткізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *