Абай ауданы: алтын құрсақты аналар төсбелгілермен маратталды

0

Ана — асыл жан! Ана барда — әлем құлпырады. 

Бүгін Шымкент қаласында “Аналар” күні қарсаңында, алтын құрсақты аналар құрметке бөленді. 

Абай ауданының әкімдігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылдың 22 сәуір күнгі  №524 Жарлығына сәйкес, 26 ана — “Алтын алқа” және 101 ана — “Күміс алқа” төсбелгісімен марапатталды. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Абай ауданында 1 068 ана — “Алтын алқа”,  3 874 ана — Күміс алқа” иегерлері.

«Әке- асқар тау»,  «Ана- өмірдің бастауы» 

Биыл алғаш рет атап өтілейін деп жатқан «Аналар күні»  қарсаңында Абай ауданындағы мектеп оқушылары мен бала-бақша тәрбиеленушілері арасында көркемсурет байқауы өткізіліп,  балалар өздерінің өнерлерін көрсетті.  

Байқау соңында балалардың еңбектеріне баға беріліп,  марапаттау рәсімі барысында балаларға тәттілер мен сертификаттар табыс етілді.

12 мамыр – Аналар күніне орай, бүгін Тұран ауданындағы батыр аналарымызға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 18 алтын және 52 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды. 

Барша аналарымызды келе жатқан мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *