Жайлы мектептер құрылысының өзекті мәселелері пысықталды

0

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында  салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру жайын, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдерін егжей-тегжейлі пысықтады. Сонымен қатар, нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.

Жобаны іске асыру қала басшысының тікелей бақылауында. Мәжіліс қорытындысы бойынша қала басшысы құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді.  Мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және  жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *