Қала әкімі әскери қызметшілерді мерекемен құттықтады

0

Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Қорғаныс министрлігінің 35748 әскери бөліміне барды.

Мегаполис басшысы оқу корпустарын, сарбаздар казармасын және басқа да инфрақұрылым нысандарын аралады. Ол сондай-ақ әскери бөлімнің жауынгерлік техникасымен, қару-жарақ қорымен және оқу-материалдық базасымен танысты.

Гарнизонның жеке құрамын мерекемен құттықтаған қала әкімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы қызметтің мақтаныш қана емес, зор жауапкершілік артатынын,  ал Отан қорғаушылар әрқашан  батылдықтың, ерліктің қаһармандықтың үлгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ бірқатар әскери қызметшілерге алғыс хаттар табыстап, Қарулы Күш ардагерлерімен бірге мерекелік концертке қатысты.

Бүгінде. механикаландырылған бригада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында ғана емес, Құрлық әскерлерінде де ірі әскери бөлім болып табылады. Мұнда жеке құрам үшін барлық жағдайлар жасалған. Жеке құрамның дайындық деңгейі және техникалық жарақтандыру тұрғысынан бригада ең үлгілісі болып саналады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *