Шымкент: жастарға берілген тұрғын үйдің жылу жүйелері қалпына келтірілді

0

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұрсәт-3 шағынауданындағы жастар қоныстанған № 112 үйде болып, жылу жүйелеріне қатысты өзекті мәселелерді пысықтады. Көпқабатты үйге жылу Әкімшілік іскерлік орталығындағы қуаттылығы 160Гкал құрайтын қазандық арқылы беріледі. Алайда жертөледегі желілерде ақау шығуына байланысты пәтерлерде жылу төмендеген.

Аталған қазандық арқылы бүгінде 127 көпқабатты тұрғын үй мен 8 мемлекеттік мекемеге жылу және ыстық су таратылады. Тұрғындарды сапалы және үздіксіз жылу қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2 дана қазандық пен 4 дана сорғы толық күрделі жөндеуден өтті.

Қала әкімі жауаптыларға барлық келеңсіздікті шұғыл ретке келтіріп, жылу беруді тездетуді тапсырды. Қала басшысының тапсырмасы аясында жылу жүйесіндегі ақаулар тез арада қалпына келтіріліп, пәтерлер жылумен қамтылды. Сала басшысына жылудың үздіксіз берілуін қатаң қадағалау ескертілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *