Мәжілісте маңызды мәселелер талқыланды

0

Бүгін «Жастар ресурстық орталығында»   Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, басқарма басшылары,  БАҚ  өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар қатысты. Мәжілісте басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев басқарманың 2023 жылы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын атап өтті. 

Қатысушылар қала  әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлына ұсыныстарын, талап-тілектерін жеткізді. Қалалық мәслихат депутаты Жанар Бектаева ұлтты тәрбиелеуде идеологиялық құрал мықты рөл атқаратындығын айтып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

–Қазіргі таңда ғаламтордың өмірімізде үлкен рөл ойнауы жастар тәрбиесіне өз әсерін тигізіп жатыр. Әлеуметтік желідегі психолог, коучтардың сөздері әңгімелері тәрбие құралына айналып кеткені жасырын емес. Сондықтан менің ұсынысым жастарымызды, мемлекеттік қызметкерлерді оқытатын психологиялық дәрістер бізге керек. Осы тұрғыда өзімнің арнайы жобамды ұсынып отырмын, –деді Ж. Бектаева.

Алқа мәжілісінде БАҚ саласындағы  өзекті  мәселер айтылды. Басқарма басшысы ұсыныстар мен талап-тілектердің ескерілетіндігін айтып өтті. Жұмыс нәтижесі келер күннің еншісінде қалмақ.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *