Бірлігі жарасқан желаяқтар

0

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру өтті.

Іс-шараға әуесқой, белсенді қала тұрғындары, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, этномәдени бірлестік мүшелері мен қатар ассамблея жастары қатысты. 

Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты – қаламыздағы барлық этностарды, қала тұрғындарын бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.

-Біздің күшіміз — бірлікте! Қашанда татулық пен ынтымақты ту еткен еліміз үшін өзге ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынаста болып, біртұтастықта өмір сүру маңызды. Еліміздегі болып жатқан өткінші қиыншылықты да бірге еңсереміз. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын, көмегін аямаған этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне барша халық атынан алғыс айтамын. Бүгінгі жаппай жүгіру күнделікті әдетке айналуы керек. Қала халқын дене шынықтырумен айналысуға шақырамын, — деді өз сөзінде Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев. 

Жүгірушілер 5 шақырым қашықтықты оңай әрі жеңіл еңсеріп келді. Көбі 15-20 минутта мәреге жетті.  Алғашқы болып, әрине, 2-ші спорт мектебінің жаттықтырушысы Азизхан Камилжанов жетті.

Шара соңында қатысушылардың барлығына тиісті сертификаттар табысталды.

“Шымкент келбеті”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *