«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: жас экологтар тал екті

0

Таза Қазақстан тазалық акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына мектеп оқушылары да атсалысты. Іс- шара барысында Шымсити шағын ауданында орналасқан N135 ші жалпы орта мектебінің ауласына ағаштар, гүлдер отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.  Іс-шараға экология, өлкетану және туризм орталығының жас экологтары мен N 135 жалпы орта мектебінің оқушылары бірлесіп 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен  200 түп гүл отырғызды. Сонымен қатар жасыл желектер бапталып, шөп орылып,  тазалық жұмыстары жүргізілді.

​—Бір тал кессең он тал ек демекші қаламыздың жасыл желекке орануы тек сән беріп қана қоймайды. Ол бізге таза ауамен тыныстауға мүмкіндік береді. Сондықтан да болып жатқан тазалық акциясынан оқушылар да қалыс қалмасын деп бүгінгі шараға жұмылдырып отырмыз, —деді N 135 мектебінің директоры Берікбай Елтайұлы.

Оқушылар мектеп ауласына гүл отырғызып қана қоймай, оны күтіп баптап ұстауды да үйренді. Табиғатты аялауды парызымыз деп білетін олар өз істерін сүйіспеншілікпен атқарды. Бұл іс-шараға 50-ге жуық оқушы атсалысты.

«Шымкент келбеті»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *