Шымкент: қала әкімі кеткен кемшілікті қалпына келтіруді қатаң ескертті

0
  • Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жеке қабылдау кезінде мәселе көтерген тұрғынның өтініші бойынша Тұран шағынауданына барды.
  • Қала басшысы кәріз жүйелерінің құрылысына қатысты шағымданған тұрғындармен кездесіп, мәселенің шешімін қарастырды. Тиісті мердігер басшысына 10 күн ішінде құрылыс жұмыстары кезінде кеткен кемшіліктерді қалпына келтіруді қатаң ескертті.
  • Сондай-ақ кәріз құрылысының жұмыс барысын қадағалаған қала әкімі құрылыс мәдениетін сақтай отырып, жұмыстарды сапалы, мерзімінде орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
  • Қазіргі таңда кәріз тарту жүйесінің жұмыстары 90 пайыз орындалды. Жалпы, жоба бойынша ұзындығы 50.3 шақырым кәріз құбыры салынады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *