Шымкент: ескерткішке құрмет – тарихқа құрмет

0

Республикалық  «Таза Қазақстан» экоакциясының «Киелі мекен» апталығына сәйкес Әл-Фараби ауданында орналасқан  Қабанбай батыр ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар және аппарат қызметкерлері белсенді қатысты.

Жалпы, орындықтарды әрлеу,  шөптерді ору,  ағаштарды қырқу, әктеу, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді. Жалпы санитарлық тазалық іс-шарасына 5 арнайы техника,  100-ден астам адам жұмылдырылды.

— Аудандарда атқарылуы тиіс жұмыстар жетерлік. Соның бірі Киелі мекендерді тұрғындарға дәріптеу. Көбісі осы аймақтағы мәдени-тарихи нысандарды білгенімен, оның тарихына мән бермейді. Ал осы іс-шара тек тазалық жұмыстарымен шектелмейді. Келген әр ерікті осы нысанның, ғимараттың салыну себебі мен мағынасына үңгіліп, зердесіне тоқи кетеді. Бұл жиындардың бірден-бір ерекшелігі де осында. Киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізе отырып оны сақтауға және құрметтеуге үгіттеу,— дейді Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Мұхтар Жаңабайұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *