Еңбекші ауданы: ел бірлігі еңбекті еселей түседі

0

Шымкент – жасыл желегімен, саябақтары мен ондағы ағаштардың алуан түрлілігімен ерекшелетін қала. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында мегаполистегі саябақ, гүлзарларда да көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындай  саябақтардың бірі – Еңбекші ауданында орналасқан «Қазақстан-Түркия достастығы» саябағы.

–  «Эталон» тазалық компаниясы мегаполистегі 10 саябақ, 44 аллея, сквердің тазалығы мен күтіміне жауапты. Біз жылдың 4 мезгілінде тиісті күтімін жасап отырамыз. Ал, бүгін #TazaShym тазалық шарасының аясында аудан тұрғындары, қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастардың қатысуымен өтіп отыр. «Қазақстан – Түркия достастығы» саябағындағы жұмысқа 200-ге жуық азамат пен 6 арнайы техника жұмылдырылды.Мамандар аумақты дезинфекциялап жатыр, -дейді «Эталон» тазалық компаниясы филиалының басшысы Жансұлтан Хозадиас.

Екі ел достығының нышанына айналған саябақтағы шараға қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері де атсалысып, үлестерін қосуда.

– Мемлекет басшысының аумақтарды көгалдандыру, абаттандыруға қатысты берген тапсырмасына орай еліміздің түкпір-түкпірінде игі істер атқарылып жатыр. Бұл іске Шымкент қаласындағы этномәдени бірлестік өкілдері де атсалысып, «Қазақстан–Түркия достастығы» саябағына жиналып, өз үлестерін қосып отыр. Барша қазақстандықтарды игі істі қолдап, атсалысуға шақырамын. Ораза айт мейрамы құтты болсын, — деді «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов.

Сонымен қатар, ғалым, тарих ғылымдарының докторы Д.Қожамжарова, қалалық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы А.Сұлтан, Еңбекші ауданының тұрғыны белсенді ардагер Р.Колесниченко барша шымкенттіктерді тазалық шарасына атсалысуға шақырды.

Акция қатысушылары саябақтағы қоқыс жәшіктерін тазартып, ағаштарды әктеді. Одан бөлек, шағын аудандардың аулаларын, орындықтарды, балалар алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Еңбекші ауданының аумағындағы тазалық жұмыстарына 1200-ден  астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінге дейін аудан аумағынан 56 текше метр  қоқыс шығарылып, 14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *