Шымкентте № 69 бағыттың 5 автобусы жаңартылды

0

Бұл жұмыстар Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялар арасында түзілген келісімшарт негізінде жүргізілді.

Жыл соңына дейін бағыттағы 5 автобусты жаңалау жоспарланып отыр. «Zhongtong» маркалы сыйымдылығы үлкен автобустар бейнекамералар және салқындатқыш жүйесімен толық жабдықталған. № 69 маршрут 13 кесте бойынша қызмет көрсетеді.

Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көлік саны 1000-ға жуықтайды. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті бағыттарға 915 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *