Шымкент көшелерін су басты

0

 Шымкентте толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қала жолдары суға толып қалды.

Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су тарту және бағытын бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл бағытта 14 адам, 4 техника, 7 мотопомпа жұмылдырылған.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, тұрғын үйлерді су басу және зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы секілді жағдайлар тіркелмеген.

«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, ертең де Шымкентте жауын-шашын болып, соңы қарға ұласуы мүмкін. Тіпті, түнде күн суытып көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 метр секундқа дейін жетпек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *