Шымкентте садақ атудан Қазақстан чемпионаты басталды

0

Бүгін Шымкент қаласында садақ атудан жасөспірімдер арасында Ел біріншілігі басталды. Сайыстың ашылу салтанаты барысында қалалық Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Мұрат Бұзауов қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталған дүбірлі додада еліміздің 11 өңірінен 281 мерген бақ сынайды. Бағдарлама бойынша спортшылар 17 ақпан күні 25 метр, 18 ақпан күні 18 метрден нысананы көздейді. Ал 19 ақпан күні олимпиадалық және 20 ақпан күні командалық сайыс өтеді.

Жеңіл атлетика спорт кешенінде ұйымдастырылып отырған Ел біріншілігінде үшінші мегаполистен 68 спортшы бәсекеге түседі.

Айта кетейік, финалдық ойындарға 21 ақпан күні старт беріліп, салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *