Шымкенттік ғалым «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша баспаналы болды

0

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің кіші ғылыми қызметкері, жас ғалым Эльмира Мүсірепова «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша екі бөлмелі пәтерге ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жас ғалым инволюциясы бар екінші ретті сызықты емес бір өлшемді дифференциалдық теңдеулер үшін екі нүктелі шеттік есептерді шешу жолдарын ғылыми жоба негізінде қарастыруда. Сонымен қатар бірінші туындысы жоқ теңдеулер мен бірінші туындысы бар теңдеулерді зерттеумен айналысып жүр.

Эльмира Беркінбайқызы Ғылым және жоғары білім министрлігіне бастапқы 10% жарнамен және жылдық 5% мөлшерлемемен тұрғын үй алу мүмкіндігін бергені үшін ризашылығын білдіруде.

Тек бұл ғана емес, Эльмира Беркінбайқызында тағы да қуанышты жаңалықтың барын өту керек. Өткен жылы академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің диссертациялық кеңесінде жоба аясында орындалған «Инволюциясы бар толқын және жылуөткізгіштік теңдеулері үшін аралас есептердің шешімділігі» тақырыбында PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғап, философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *