Шымкент: «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы аясында 150 отбасыға жеңілдетілген несие берілді

0

Жылдан-жылға мегаполис аумағында халық санының қарқынды өсуіне байланысты баспанаға деген қажеттілік артып келеді. Осы мәселені шешу үшін 4 мың пәтерлі 100 әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп отыр. 

Бұл жөнінде бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен брифинг барысында баяндалды.

«Жұмысшы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1 мыңнан астам пәтер береміз. 201 азаматқа қайтарымсыз негізде 1 миллион теңгенің тұрғын үй сертификаты табысталды. Әлеуметтік тұрғын үй алушылар санатына енбейтін  азаматтар да назардан тыс қалмайды. Жергілікті «Қамқор» тұрғын үй бағдарламасы аясында 150 отбасыға жеңілдетілген несиелер берілді», – деді қала әкімі.

Бұл бағдарлама жалғасады. Жалпы, жыл соңына дейін 1 миллион 75 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Айта кетейік, бүгінде қалада 51 мыңнан астам халық әлеуметтік, 175 мыңға жуық азамат кредиттік тұрғын үй кезегінде тұр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *