Даму стратегиясы және экономикалық серпіліс

0

Қазақстанда алғаш рет жол төсеміне қатысты жаңа технологиялық жоба Шымкентте жүзеге асырылуда. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қайта өңдеу әдісімен қара жолға жол жамылғысы төселеді. Сарапшылардың пікірінше, жаңа тәсіл тиімдірек және жол төсемінің сапасы мен беріктігі бойынша оң нәтижелер береді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы көп жылдардан бері келе жатқан жолдардың өзекті мәселесі шешілетін болады.
Сондай-ақ, мегаполис көшелеріндегі кептелістерді жою мақсатында 150 көше қиылысында көлік қозғалысын автоматты түрде реттеп, бағдаршамның жұмысын оңтайландыратын заманауи зияткерлік көлік жүйесі енгізілген.
Сонымен бірге, жолаушыларды өткізу қабілетін сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа әуежай терминалының құрылысы аяқталуға жақын. Теміржол вокзалын қайта құру жолаушылар өткізу қабілетін арттырады. Екі нысан да жеке инвесторлардың қатысуымен салынып жатыр.
Шымкенттегі маңызды мәселелердің бірі тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету болып табылады. Осы жылы 2 магистральдық газ құбыры мен 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде табиғи газбен қамту 94%-дан 96%-ға дейін артады.
Қала билігі баспана мәселесін шешуде бармағын тіктеді. Осылайша, 2023 жылдың соңына дейін қалада 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Маңызды мәселелердің бірі азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың бағасын ұстау болып табылады. Бұл көрсеткіш қала тұрғындапы көңіл-күйінің өзіндік барометрі болып табылады. Бағаны тұрақтандыру мақсатында Шымкенттегі 100 сауда орнында ең қажетті азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 10-15%-ға төмен бағада сатылуда. Жыл басынан бері 402-сі өткізілген азық-түлік жәрмеңкесі қаладағы халық ең көп шоғырланған 8 елді мекенде ұйымдастырылған.
Азық-түлік белдеуін құру үшін «Alarko Holding» түрік компаниясымен 500 гектар жерге заманауи жылыжай кешенін салу туралы меморандумға қол қойылды, ол ауданы бойынша еліміздегі ең ірісі болады. Жоба 5 мыңнан астам жұмыс орнын ашып, өңірдегі азық-түлік тапшылығы мен қолжетімділігін толығымен шешеді, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау әлеуетін арттырады.
Әлеуметтік салада білім беру мен денсаулық сақтау бірінші орында тұр. Биыл Шымкентте 22 жаңа мектеп, оның ішінде 19 жекеменшік мектеп салынды. Мұнымен қоса, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 жалпы білім беретін мектеп салу жоспарланса, биыл оның 12-сінің құрылысын басталды. Қазіргі уақытта үш ауысымда оқитын мектептер мәселесі толығымен шешілгенін атап өткен жөн.
Оқушыларды қолайлы оқу жағдайымен қамтамасыз ету мақсатында қаладағы 134 мыңнан астам бастауыш сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен, 55 мыңға жуық оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілген. 500 орындық Оқушылар сарайы балалардың сабақтан тыс уақыттағы іс-шаралары үшін ашық.
2023 жылы қала бойынша жалпы өлім-жітім көрсеткіші 11%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 26%-ға, нәресте өлімі 8,5%-ға, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 0,5%-ға төмендеу көрсеткіші Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласының тиімділігін көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *