Шымкент: биыл 1816 пәтерлі 36 тұрғын үй пайдалануға беріледі

0

Үшінші мегаполисте жыл соңына дейін 136,7 мың шаршы метр құрайтын 1816 пәтерлі 36 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 30-ы кредиттік, 6-уы арендалық тұрғын үй. Бүгінде 41,5 мың шаршы метр құрайтын 540 пәтерлі 10 тұрғын үй пайдалануға тапсырылған.

Жалпы, 2023 жылы Шымкент қалалық құрылыс басқармасы тарапынан Концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 46,4 млрд. тенгеге 330,4 мың шаршы метрді құрайтын 4306 пәтерлі 100 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Олардың 18-і Тұран, 56-сы Бозарық, 26-сы Ақжайық шағын ауданында бой көтермек. Жоспарға сәйкес, 100 көпқабатты тұрғын үйдің 8-і арендалық болса, 92-сі кредиттік нысан.

Мамандардың айтуынша, мемлекет бюджеті есебінен құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлерден бөлек, жыл соңына дейін 1405 пәтерді нарықтан сатып алу жоспарланған. Бұл пәтерлердің 900-і жұмыс істейтін жастарға, ал 505-і халықтың әлеуметтік осал тобындағы азаматтарға беріледі. Бүгінгі таңда, жұмыс істейтін жастарға 450 пәтер, халықтың әлеумкеттік осал тобындағы азаматтарға 363 пәтер сатып алынған.

Айта кетейік, жоспарланған 100 тұрғын үйдің 36-сы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 10 көп қабатты тұрғын үйдің кілті табысталып, тұрғындар орналасып үлгерген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *