Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 62 жоба жүзеге асып жатыр

0

Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында өткен 2022 жылы 20 жоба орындалған болса, биыл 62 жоба жүзеге асып жатыр.  Бұл туралы Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың жергілікті жердегі мәселелерді шешуге ықпалын арттыру мақсатында «Халық қатысатын бюджет» жобасы енгізілгені белгілі. Тұрғындар электронды үкімет порталы арқылы өздері ең маңызды деп есептейтін мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізіп, оларға дауыс береді. Азаматтардың ең көп дауысына ие болған жобалар бірінші кезекте қаржыландырылады.

Осы орайда, Қаратау ауданы аумағында Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2021 жылы 77,3 млн. теңге бөлініп, 2 жоба атқарылған. Ал, 2022 жылы 20 жоба жүзеге асқан екен. Биыл 62 жоба мақұлданып, мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіпті. Әзірге 52 жобаның құрылыс жұмысы аяқталып, нысандар тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген. Ал, 10 жобаның құрылысы ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасы шеңберінде аудан әкімдігі тарапынан аумақты көгалдандыру, аяқ жолдарды, пандустарды салу, арықтарды тарту және жөндеу, ортақ пайдалану орындар құру, оларды абаттандыру, жөндеу және жарықтандыру, спорттық және балалар алаңдарын орнату секілді жобалар іске асырылады.

Қаратау ауданы аумағында аталған жоба аясында алдағы жылы 95 жобаны  жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *