Діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Тор» қойылымы ұсынылды

0

Бүгінде теріс діни ағымдармен күрес, олардың алдын алу – өзекті мәселенің бірі. Шымкент қаласы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде қарашаның 15-16 күндері театрландырылған көрсетілімдер ұйымдастыру жоспарланған болатын.

Бүгін осы жоба аясында Сайрам тұрғын алабындағы қалалық өзбек драма театрында теріс діни ағымдардың зардабын түсіндіру, тұрғындар арасында діни иммунитетті қалыптастыру мақсатында тағылымды іс-шара өтті. Онда «Қазақ шыңы» қоғамдық бірлестігі дайындаған «ТОР» (өзбекше «Қафас») тақырыбындағы қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымды тамашалауға тұрғындар мен колледж студенттері, жалпы 350-ден астам көрермен жиналды.

Шымкент қаласы дін істері басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Сарманов мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін, алда мұндай тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Театрландырылған көрсетілім түрлі жат ағымдардан аулақ болуға үндейді. Спектакльде әлеуметтік желілерден радикалды уағызшылардың ықпалына түскен азаматтың басынан кешкен оқиғалары баяндалады. 

Қоғамдық бірлестік өкілдерінің айтуынша, «ТОР» қойылымы болған оқиға желісі бойынша дайындалған. Айта кетсек, көпшілікке ой салған көрсетілім ертең де тұрғындарға ұсынылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *