«Сұңқар» жастар денсаулық орталығы ашылды

0

Шымкент қалалық №3 емханасы жанынан «Сұңқар» Жастар денсаулық орталығы ашылды. Мұнда 10-18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар мен 18-29 жас аралығындағы жастарға репродуктивті және психикалық денсаулық мәселелері бойынша тегін консультативтік, медициналық-әлеуметтік, заңгерлік қызметтер көрсетіледі.

Жастар орталығын ашудың негізгі мақсаты — жасөспірімдердің, жастардың денсаулығын сақтау және әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

«Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының төрағасы Төлебай Рахыпбеков мұндай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті.

—Қазіргі уақытта жастардың арасында мәселе өте көп. Соларды шешу үшін осындай орталықтар ауадай қажет. Мұнда бәрі құпия түрде. Мұнда жастарға сенімділік және мейірімді көзқарас тұрғысынан көмек беріледі. Қазір еліміздің әр аймағынан осындай мекемелер көптеп ашылуда,  — деді Т.Рахыпбеков.

Орталықта емдеу-диагностикалық қызметі, мамандардың қабылдауға арналған кабинеттері, тренингтер өткізуге арналған зал қарастырылған.

Айта кетсек, Шымкент қаласында бүгінде жалпы 5 Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Олар №3, №6, №7, №13 және Даумед мекемесінде орналасқан. 2023 жылдың 9 айында Жастар денсаулық орталығының көмегіне 6411 пациент жүгінген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *