Қала әкімі қосымша оқу корпустарының құрылысын аралады

0

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қосымша оқу корпустарының құрылысын аралады. Ең алдымен, Сайрам тұрғын алабындағы № 12 спорт мектебінің қосымша корпусымен танысты. Нысан 2 ауысымда жұмыс істейді. Әр ауысымда 147 адам оқу-жаттығумен айналыса алады.

Жобаға сәйкес ғимараттың жертөлесінде пауерлифтинг, ауыр атлетика оқу-жаттығу залдары, киім ауыстыру, жуынатын орын, бапкерлер мен төрешілер бөлмелері қарастырылған. Бірінші қабатта вестюбиль-фойе, киім бөлмесі, 18 орындық асхана, 210 орындық әмбебап спортзал, медпункт болады. Ал екінші қабатында демалыс орны, бокс, күрес, бадминтон оқу-жаттығу залдары орналасады. Қазіргі таңда нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары 72% орындалған. Құрылыс келесі жылға өтпелі.

Сондай-ақ қала басшысы аталған тұрғын алаптағы № 10 колледждегі құрылыс жұмысын бақылады. Мұнда 300 орындық оқу корпусының құрылысы жүргізілуде. Корпуста 200 орындық асхана мен АКТ залы және спортзал блогы қарастырылған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары 95 пайыз орындалған. Құрылыс жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

Қала әкімі жауаптыларға ғимараттардың құрылысын жобаға сай жүргізіп, нысандарды өндірістік кестеге сәйкес қолданысқа беруді тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *