Қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарының мәселелерін тыңдады

0

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Шаһар басшысы тұрғындарға әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Алдымен аудан әкімі Рақымберді Мүлкеманов 9 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Қаратау ауданында 213 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Ауыз сумен және электр жарығымен қамту 98 пайыз, ал табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 пайызды құрайды. Аталған жүйелерді биыл 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Табиғи газ мәселесі 2025 жылы толық шешіледі. Өткен жылы 30 көше жарықтандырылса, биыл тағы 30 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.   

Қазіргі таңда ауданда жоспарға енген 70 көшенің 52-де асфальттау жұмыстары аяқталды. 2023 жылы 33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселеді.

– Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі – инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Жалпы инфрақұрылым бойынша магистралды жүйелерді жеткізіп береміз. Әрі қарай тұрғындар жүйелерге өздері қосылуы керек. Сонымен қатар, инженерлік жүйелермен толық қамтылып біткеннен кейін  асфальт салынады. Тұрғындар мұны да білуі тиіс. Айтылған мәселелер бойынша елді мекендерді аралап көремін. Ал қоғамдық көлік мәселелерін зерделеп, кешенді жоспар бойынша шешеміз, – деді қала әкімі.

Кездесуде тұрғындар инфрақұрылыммен қамту, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, жол инфрақұрылымын дамыту, қоғамдық қауіпсіздік, әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

Қала әкімі әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *