АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Spread the love

Ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері дін өкілдерімен бірлесе Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасына қарасты мекемелердің ұжымдарымен кездесті.
Басты мақсат — сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету, парасаттылық идеологиясын ілгерілету болып табылады.
Шаралар барысында спикерлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобалардан хабардар етіп, ашықтық, айқындық жөнінде ақпарат берді.
Сонымен қатар, спикерлер жемқорлықтың алдын алудағы насихаттық жұмыстар оң әсер беретінін, қоғамдық сананы жаңғыртуда адалдық, адамгершілік қағидаттарын сіңіру қажеттігін айрықша атап өтті.
Кездесуде дін өкілдері сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, иманы берік, мәдениеті мықты қоғам тәрбиелеу жайын сөз етті.
Шаралар соңында қатысушылар жемқорлық фактілеріне тап болған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тәулік бойы жұмыс істейтін 1424 CaII-орталығына хабарласуға шақырылып, арнайы брошюралар таратылды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жайында ақпарат берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *