Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігі басшысының міндетін атқарушысы, Парламент Сенатының Төрағасы Самдек Хун Сенге сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу басында Хун Сен Қ. Тумышты жылы қарсы алып, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі Елшісі болып тағайындалуымен құттықтады.

Ол соңғы 30 жыл ішінде сенім, қолдау және өзара тиімділікке негізделген дипломатиялық қатынастардың дамуын жоғары бағалады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде және қазіргі уақытта Камбоджаның жақсы досы және сенімді серіктесі ретінде Қазақстанға алғысын білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың алаңдарында өзара қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және Қазақстан үшін маңызды көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және логистикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру мәселелері талқыланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *