Түркістан қаласына инвестиция тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда арнайы экономикалық аймағынан 7 га жерге 200-ге тарта жаңа жұмыс орны бар 4 жоба іске асырылмақ. Бұдан бөлек, индустриалды аймақта 11 жоба іске асырылуда. 190 гектарды құрайтын аймақта 39 жоба орналасқан. Онда 1500-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

Былтыр қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 218 миллиард теңгеге жеткен. Жоспар 13 миллард теңгеге артығымен орындалып ғана қоймай, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да артқан. Яғни, құрылысы біткен тұрғын үйлердің шаршы метрі 417 мыңға жетіп, жоспар 23 мың шаршы метрге артығымен орындалған. Бүгінде 16 мыңнан астам адам тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде тіркелген. Оларды баспанамен қамту мақсатында 2024-жылы 1314 пәтерді сатып алу үшін 30,2 миллиард теңге бюджеттен қаралған.  

Облыс орталығының инфрақұрылымы да жақсарып келеді. Түркістан қаласында ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 16 мыңнан асып, қала тұрғындарының 36%-ын құрады.

Сарқынды су құбырлары 400 шақырымнан асады. Қазіргі таңда қала аумағында сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 15 нысанның (11 нысанның құрылысы жүргізілуде, 4 нысанның құрылысы басталуда) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қосымша 3 нысанның ЖСҚ-сы дайындалуда. Нәтижесінде орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған абонент саны 33 690-ға жетіп, қамту көрсеткіші 72%-ға жететін болады.

Әсіресе туризм кластерінің басым бағыты көлік инфрақұрылымы қолайлы жолға қойылған, яғни Түркістан халықаралық көлік магистралы желісінде орналасқан. Қаланың әлеуметтік-инфрақұрылымында да басты нысандар туристерге қызмет атқара алады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *