Облыс әкімі аудандағы өндіріс орнына арнайы барып, жұмыс барысын бақылады.

Серіктестіктің директоры Қайрат Садықовтың айтуынша, алма көшеттері арнайы Түркиядан алдырылған. Тамшылатып суғару әдісін қолдану арқылы 30 гектар жерден 7 тоннаға жуық өнім алуда. Өндіріс орнында 150-200 адам жұмыс істейді. Алма бауында су үнемдеу технологиясын пайдалану арқылы 6 мың тонна өнім жиналған. Түлкібас алмасы Қазақстанның барлық аумақтарына жеткізіледі. Сондай-ақ көрші Өзбекстан мен Ресейде сұраныс артқан. 

Айта кетейік, «Кентау» ЖШС-нің қарқынды алма бау көлемі 240 гектарға жетіп отыр. Серіктестіктің 2200 тонна алма сақтайтын қоймасы бар. Кәсіпкер қыс мезгілінде алмаға сұраныстың күрт көтерілетініне  байланысты алдағы уақытта қосымша 2 тоннадан астам алма сақтайтын салқындатқышы бар қойма салуды жоспарлап отыр. Осылайша ол қыс мезгілінде 4400 тоннаға дейін Түлкібастың экологиялық таза алмасын саудаға шығармақ.

Түлкібас ауданының туристік-рекреациялық ресурстарын дамытып, заманауи демалыс аумақтарын салуға күш салынуда. Облыс басшысына бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Туризм аумағын әрі демалыс, әрі  табыс көзіне айналдыру үшін жаңа жобалар қолға алынды. Аумақта 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді.

 

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *