Жобалар толық іске қосылғанда, 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Одан бөлек, төсек-орын саны қосымша 640 бірлікке артып, салық түсімдері ұлғаяды деп күтілуде.
Түркістан облысы бойынша бүгінгі таңда жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштары 17,9 мың гектарға (15,4 мың га алма, 0,6 мың га алмұрт, 1,1 мың га өрік, 0,6 мың га шие, 0,5 мың гашабдалы, 1,2 мың га қара өрік, 0,3 мың га жидек ағаштары) оның ішінде: 5,4 мың гектар қарқынды алма бауы орналастырылған. Бұл Республикадағы жеміс-жидек ағаштарының 43% құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баулардан 300-350 центнерден өнім жиналды.
Қарқынды баулардың негізгі бөлігі Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сайрам аудандарында орналасқан. Өткен жылы жеміс салу жасындағы жеміс-жидек ағаштарынан 116,9 мың тн (95,8мың тн алма, 3,6 мың тн алмұрт, 7,4 мың тн сары өрік, 4,2 мың тн шие, 2,4 мың тншабдалы, 3,3 мың тн қара өрік, 1,8мың тн жидектер) өнімі жиналды. Бүгінгі күнге 26,0 мың тн Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Өзбекстан елдеріне экспортталды.
Облыста қарқынды бау шаруашылығын дамыту бұл бағытқа инвесторлар тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Жеміс-жидек ағаштарына мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі.
Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан 80 га жерге спорт, мәдени, емдік-сауықтыру бағытында Иірсу, Жабағылы рекреациялық аймақтарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақта киіз үйлер қалашығын, коттеджді қалашықтар, қонақ үйлер, ойын-сауық орындары, жабық спорттық залдар, ашық спорт алаңдарын және тағы басқа нысандар орналастыру үшін жер телімдері ұсынылатын болады.