Зейнетақының бір бөлігін қолдануға енді тыйым салына ма? БЖЗҚ басқарушы директоры Мұрат Шәріпов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл заңнама заңмен белгіленіп, рұқсат етілген. Сондықтан оны тоқтату немесе қайта қарау қарастырылып отырған жоқ. Әр азамат өзі шешімін қабылдайды. Бүгінгі таңда оны азаматтар түсініп те келе жатыр. Қолданбаған азаматтар да бар. Олар болашақтағы зейнетақысын жоспарлап отырған азаматтар. Қолданған азаматтар қосымша төлемдерін ұлғайтып, болашақ зейнетақыларын жоспарлап отыр, – дейді ол ведомствода өткен брифингте.