Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,67 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 521,67 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521 теңге. Еуро 589 — 595 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 590 теңгеден сатып алынып, 598 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,27 — 6,39 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 16 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 586, 33.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *