Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев шеруге қатысқан әскерилер қалай ынталандырылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, шеруге қатысуға әскерилер арнайы іріктеуден өтіп келген. Мереке Көшекбаев іріктелген сарбаздар, сардарлар, әйел қызметшілер жоғары ынталы әскери қызметкерлер екенін атап өтті.
Оларға ай сайынғы жалақылары төленеді. Сонымен бірге іссапарға келгендері үшін төлем беріледі. Оған қоса шеру аяқталған соң сыйақы беру де қарастырылады, — деді Құрлық әскерлері бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев.
Еске сала кетейік, биыл 7 мамырда Жеңістің 80 жылдығына орай елордада басты алаңда шеру өтеді.
Бұған дейін шеруге дайындық қалай өтіп жатқанынан фоторепортаж дайындаған едік.
Сондай-ақ әскери лагерьде қызметшілерге қандай жағдай жасалғанын да жаздық.