Бүгін Тұран ауданы аумағында кезекті сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Тұран ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесі, “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС өкілдері, ардагерлер, тұрғындар мен белсенді жастар кезекті тазалық жұмыстарына белсене қатысты.

Көпшілік Шымкент-Ташкент бағытындағы жол жиегін, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар аумағын қоқыстан тазарту, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және елді мекен көшелерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы тазалық жұмыстарына 19 техника жұмылдырылды. 200-ге жуық қатысушы баршамызға ортақ шаһарды көркейтуге үлес қосты.

Тұран ауданы коммуналдық бөлімінің басшысы Дәурен Балғановтың айтуынша, ауданда жыл басынан бері 60-тан астам сенбілік өткен. Өзен, көше бойлары, елді мекендер, әлеуметтік нысандар, саябақтарда санитарлық тазалық жұмыстары атқарылған.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *