Шымкент қаласында 531 борышкер алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал, 212 адам қамауға алыныпты.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтты.

Алимент өндірудің әлеуметтік маңыздылығы жоғары болғандықтан, бұл бағыттағы жұмыстар кең көлемде атқарылуда.

Жыл басынан бері алимент өндіру талаптары бойынша сот орындаушыларда 17 300 іс орындауда болып, 3 357 іс бойынша өндірістер аяқталған екен. Белгіленген қаражатты ай сайын төлеуге әл-ауқаты келмейтіндерге мемлекет жұмыста қарастырған. Алайда, берешегі бар борышкерлер ұсынылған жұмыстан бас тартқан көрінеді. Әділет департаментінің басшысы Айнұр Исабекова айтуынша, алимент төлеуден жарталып жүргенлердің қатарында бұрымдыларда бар көрінеді.

— 2024 жылдың 11 айында алименттік өндірістер бойынша 1 млрд. теңгеден астам қарыз өндірілген, 5 борышкердің мүлкісі анықталып, 4 мүлік бойынша (автокөлік) өндіру шаралары қабылданды. 1 мүлік өндіріп алушының атына өткізілуде,- дейді Айнұр Исабекова.

Сондай-ақ, Әділет министрлігінің бастамасымен биылғы жылдың тамыз айынан бастап енгізілген тәртіп бойынша кейбір істер автоматты режимде орындалады. Олар, 20 АЕК төмен полиция органдарының айыппұлдары (мысалы, жол ережелері бұзғаны үшін) және соттың қаулылары. Келесі жылы автоматты режимге салық бұйрықтары да қосылады.

Жалпы, қала аумағында  499   адвокат,  1237   заң консультанттары жұмыс атқаруда. Кейбір халық санаттары мемлекеттік кепілдік берген тегін заң көмегіне  жүгіне алады. Олар, Заңгерлік кеңес беру, Құқықтық құжаттарды жасау, сотта мүдделерді қорғау бойынша тегін қызмет көрсетеді.

Осы жылы 12 922 адамға мемлекет кепілдік берген  тегін заң көмегі көрсетілген.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *