Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов қатысып, Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдық мерейтойы аясында бірқатар азаматты марапаттады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, қаланың құрметті азаматтары мен белсенді қоғам мүшелері «Жергілікті өкілді органдардың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Жиынның күн тәртібі аясында Шымкент қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев бюджет жобасы бойынша егжей-тегжейлі баяндама жасады. Ол алдағы жылдарға жоспарланған қаржы бағыттары мен мақсатты көрсеткіштер туралы айтып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ Шымкент қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Ол құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін нығайту бағытында қолға алынған іс-шараларды атап өтті. Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері өз пікірін білдіріп, бірқатар ұсыныс айтты.  

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *