Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров бастаған арнайы делегация Түркия Республикасына іссапармен барды. Арнайы топ Кония қаласының Қаратай ауданында болып, екі бауырластық меморандумына қол қойылды. Бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, шет елден инвестиция тарту, өндіріс орындарын құру және жаңа технологиялар бойынша тәжірибе алмасу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар делегация Конья қаласының Қаратай ауданында сауда және өнеркәсіп, іскерлік бизнес өкілдерімен жүздесіп, Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, түркі мемлекеттер ұйымы арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайту үшін құрылған «Turan» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін таныстырды.

Іскерлік сапар барысында саурандық делегацияға экономикалық аймақтарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер өндіріс орындарының технологияларын таныстырды. Алдағы уақытта меморандум негізінде екіжақты байланысты нығайтып, қант өнімдерін өндіру, ауыл шаруашылығы, жиһаз жасау және текстиль бағытында әріптестік орнату жайы талқыланды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *