Даму стратегиясында инвестициялық жобаларға басымдық берілген. Мақтаарал ауданы бойынша 2024-2030 жылдарға жалпы құны 94,1 млрд. теңгеге 53 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ашылатын жұмыс орындары – 3810. Салықтық түсімдер 2 млрд. 451 млн. теңгеге ұлғайып 10 млрд. 431 млн. теңгеге жетеді деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 15,8 млрд. теңге болатын 26 жоба жүзеге асып 541 жұмыс орны құрылады. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 75,3 млрд. теңге болатын 16 жоба жүзеге асып, 3100-ден астам жұмыс орны құрылады деп көзделген  Салықтық түсімдер 1 млрд. 969 млн. теңгеге жетеді деп межеленген. Туризм саласында 11 жоба жүзеге аспақ.

Өнеркәсіп саласындағы 11 жобаның, 7-еуі индустриалды аймақта орналаса, 4 жоба арнайы аймақтарда жүзеге аспақ. Мақтаарал ауданы индустиралды аймағының жалпы жер аумағы – 24 гектар. Қазіргі таңда аталған аймақта құны 3 млрд. 450 млн. теңгені құрайтын, 137 жұмыс орнын қамтитын 4 жоба жұмыс істеуде. 2024-2030 жылдары аралығына жалпы құны 4 млрд. 740 млн. теңгені құрайтын, 7 жоба жоспарланып, 100-ге жуық жұмыс орны ашылады деп болжануда.

Егін шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша 2030 жылға дейін мақтаны 30 мың гектарға мөлшерлеп, яғни 3,7 мың. гектарға азайтып, өнімділікті 60 центнерге ұлғайту жоспарланып отыр. Мақта дақылының 15 мың гектарын су үнемдеу технологиясымен егу межеленген. Жүгері дақылын 2,6 мың гектардан 4,1 мың гектарға көбейту, маш дақылын 0,2 мың гектардан 2,1 мың гектарға көбейту жоспарға енгізілген. 2025 жылы «Agro Gruz» логистикалық компаниясы арқылы 10 мың тонна өнімді сақтауға арналған қойма ашу жоспарланып отыр.  Тұт ағашы алқабы ұлғаяды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *