Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Басқа жұрт қазақты киімінен танитын болуы керек. Кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатыр. Бұл – өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн», – деп атап көрсеткен болатын. Президент жолдауына сәйкес тиісті басқармалар мен ЖОО-дары осы бастамаға сүбелі үлес қосып келеді. Соның бірі, Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған фестиваль. «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» атты іс-шараға қаламыздың ең үздік сәнгерлері топтамаларын көрсетті.

Соңғы уақытта, ұлттық нақыштағы киімдерді кию – тренде. Бұл кәсіби дизайнерлердің заманауи киімдерді этно стильмен ұштастыра алауында деп білеміз. Дәл осы бағытты ұстанып ұлттық киім тігумен және ұлттық нақышта зергерлік бұйымдар жасаумен айналысатын шеберлер көп. Сала мамандары тек елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде сұранысқа ие. Ендігі мақсат жастар арасында кеңінен насихаттау дейді  Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айкерім Жұмағұлова.

Фестиваль барысында  қазақтың ұлттық киімдерінің  этностильдік топтамасы бойынша Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Ақ баян» сән театры «Ертұран» топтамасын ұсында. Таяуда ғана Халықаралық деңгейде өткен фестивальде жүлделі 1 орынды иеленген  сәнгер Марат Ерімбетов ұлттық киімдерді әлемдік деңгейде танытуды көздейді.

– Сән әлемі үнемі жаңарып отырады. Тек денені жабу үшін ғана емес, қазақта сырт киім арқылы астарлы, ойлы сөздерді жеткізетін болған. Бүгінгі фестивальге 2 топтама алып келдім. Бірі ұлттық киімдерді этностильде жаңғырту болса, келесі заманауи стильді қамтыды,-дейді Марат Ерімбетов.

Сондай-ақ, көрмеде ұйымдастырушылар, қазақтың байырғы тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін құрақ көрпе, ер-тұрман әбзелдері, оюмен көмкерілген бүрмелі көйлек пен шапанның түр-түрін халық назарына ұсынды. Ұштасқан ұлттық нақыш пен заманауи модельдеге туындылар көпшіліктің көңілінен шықты.

Ұлттық киімдердің  заманауи үлгілері топтамасы бойынша Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-дың «Ақбаян» сән театры, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Асыл мұра» сәндік киім үлгілерінің топтамасы, Бүбіхадиша Жетібаеваның «Асыл мұра» ұлттық киімдер топтамалары үздік деп танылды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтар табыстарлып, алғыс хаттармен марапатталды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *