Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, дипломатиялық корпус өкілдерінің басшыларына арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын орындау және Қазақстандағы әйелдер құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша брифинг өтті.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын Қазақстанда ілгерілетудің негізгі тұстарына, сондай-ақ еліміздегі әйелдердің құқықтарын кеңейту жұмыстарына тоқталды.

Жаңа бағыттардың қатарында қазақ дипломаты «Бітімгершілік оқу орталығы» (КАЗЦЕНТ) базасында гендерлік мәселелер және азаматтарды қорғау бойынша әскери әйел кеңесшілерді даярлауды, гендерлік сезімталдық қағидасы негізінде әйелдерді басшылық қызметке тағайындауды, сонымен қатар халықаралық келіссөздерге дипломатиядағы әйелдерді персоналын қосуды атап өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов өз сөзінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық салада гендерлік мәселелерді ілгерілетуді атап өтіп, 2021 жылы Қазақстанның «Ұрпақ теңдігі» (Generation Equality) жаһандық форумы аясында гендерлік зорлық-зомбылықпен күресу және экономикалық әділеттілік пен құқықтарды ілгерілету жөніндегі екі әрекет коалициясына қосылғанына назар аударды.

Сонымен қатар брифинг барысында Еуропа және Орталық Азиядағы БҰҰ-Әйелдер құрылымы, ЕҚЫҰ-ның өкілдері және мүдделі ҚР мемлекеттік органдардың өкілдері 1325 қарарының орындалуы бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асыру жайлы баяндама жасады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *