33 АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРЫМЫЗ МАРАПАТТАЛДЫ

Spread the love

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков алтын құрсақты аналарды қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті. Еліміздің халық санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып отырған Бәйдібек ауданындағы ақ жаулықты 33 ана осы марапатқа ие болып отыр. Оның 4-і алтын алқа, 29-ы күміс.
Салтанатты марапатау рәсімінде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы көп балалы аналарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, еліміздегі ана мен баланы қорғауда мемлекеттің жасап отырған қамқорлығына тоқталды.
Айта кетерлік жайт бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ақ жаулықты аналар, оның ішінде көпбалалы қыз-келіншіктер Бәйдібек ауданында күн санап артып келеді. Қазіргі таңда Бәйдібек ауданында 4377 көпбалалы аналар бар. Оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері – 476 болса, ал «Күміс алқа» таққандар саны – 1224, 201 — батыр аналар, 1-2 дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 290.
Бүгінгі алтын құрсақты аналарымыздың қатарына қосылып отырған 33 аналарымыздың марапаты құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *